Есірткіні бір рет қолданғанның өзі   тәуелділікке
 алып келуі мумкін.

 

Тәуелділік  - бұл есірткіге уйрену, үнемі оны қолдануды қажет ету, себебі оның әсер ету уақыты аяқталған соң адам кезекті есірткі құралын қолданғаннан кейін жақсаратын ауыр халге, көңіл күйінің түсуіне тап болады.

Есірткіні тұтыну себебі:

  • Әуестік
  • Бейтаныс күшті сезімге бөленуді қалау
  • Зерігу, бос уақытты қызықты өткізе алмау
  • Жан дүниенің күйзелісі:бақытсыздықты сезіну,өміріне қанағаттанбау,күйзеліс, қорқыныш,қиыншылықтарын ұмытуға тырысу
  • Өзіне сенімді болмау,өзін ересек, тәуелсіз екенін көрсетуге тырысу
  • Ортада бір – біріне еліктеу

 

Есірткі ұсынса не істеу қажет?
Спортта, оқуда немесе болашаққа жоспарларыңды іске асыруға кедергі келтіретінін алға тарта отырып, әрине
 БАС ТАРТУ қажет!

 

БАС ТАРТУ ӘДІСІ:
- Сыпайы түрде бас тарту:Тұнынғың келе ме ?- жоқ рахмет 
- Бас тартудың себебін түсіндіру: Неге ?
-Жоқ, рахмет, маған денсаулық керек.
- Жоқ, рахмет, мен темекі шекпеймін.
- Жоқ, рахмет, бұл мен үшін емес

- Есірткі тұтынатын орындардан аулақ болу.
Қызығушылық танытпау.Есірткіні ұсынып жатса – көңіл аудармай өтіп кету.
- Әңгімені басқа жаққа бұру: «Кел рахаттанайық?»- «Сен естідің бе , бұл не екенін?».... мысалы , футбол тарихында ең ұзақ ойын 36 сағатқа созылған.
- Есірткіні тұтынбайтын және оны тұтынбауды түбегейлі шешкен адамдармен араласу.

 

ӘРҚАШАН ТАҢДАУ БАР!
ӨЗІҢДІ ОЙЛА!

Наркология кабинетінің мейірбикесі Бекмурзина Б.Н.