Жастар арасында нашақорлық мәселесі жан түршігерлік сипатты алып келеді. Бұл маңызды да, нақты қауіпті мәселе. Күні кеше ғана атын тек баспасөзден ұштастыратын нашақорлар мен ХХ ғасырдың «ЖИТС» қазіргі өмір тіршілігімізге еніп кеткен сияқты.

Бұлардың бәрі салауатты өмір салты, нашақорлық,маскүнемдік деп ашып көрсетпегенімен, олардың болдырмаудың жолдарын, мәдениеттілікке тәрбиелеудің қағидаларын, адамгершіліктің басты белгілерін шығармаларына арқау еткен.

Ауырып – сауығудың жолын іздегенше, ауырмайтын жол ізде дегендей, біздің ғұламаларымыз дұрыс берілмеген тәрбиенің зардабын алдын ала болжаған, соны болдырмаудың жолын қарастырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа өсиет етіп отырған.

Біздің елімізде балалар тегін білім алып, тегін емделеді, дене тәрбиесімен және спортпен айналыса алады, мектептен тыс жұмысына қатыса алады, кез келген шығармашылық үйірмелер мен секцияларға бара алады. Сондықтан баланың денсаулығына тұрмыстық жағдайларымен бірге оның отбасындағылардың бір –бірімен қарым- қатынасы да, ата - анасының мәдени деңгейі де қоғамдық жұмыс пен оқудың әртүрлі салаларындағы белсенділігі де, яғни өмір салты нелерден тұрса, соның бәрі әсер етеді.

Денсаулығы әлсіз, білімі төмен, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз жастары бар ел қашанда әлсіз, қорғансыз.

Нашақорлық - осы сөздің кәдімгі мағынасындағы ауру емес. Сонымен бірге бұл сау адамдарға тән кемістіктер қатарындағы кәдімгі кемістік те емес.

Нашақорлық – бұл жеке тұлғаның ішкі әлемнің жаппай зақымдануы және де көптеген жағдайларда денесаулығы жағынан асқынулармен жалғасады. Бұл дегеніміз, нашақордың жолымен келе жатқан адам, өзінің адамгершілік қасиеттерін біртіндеп жояды; психикалық толық қалыпты емес адам бола бастайды; достарын, сонан соң отбасын жоғалтады; оқи алмайды, мамандық ала алмайды немесе бұрын білгенін де ұмытып қалады; жұмыссыз қалады; қылмыстық ортаға тартылады; өзін және қоршағандарды бақытсыздық тұңғиыққа батырады; ақырында , өзінің денесін баяу және сенімді бұза бастайды.

Есірткі- бұл адамның санасын өзгертетін, миына әсер ететін және әдеттенуіне әкелетін заттардың үлкен тобы: есірткі заттар (оның ішінде сорада) – оларды қолдануға заңмен тиым салынған.

Сіздің ұлыңызға немесе қызыңызға есірткіні кез келген жерде : есіктің алдында, подъезде, колледжде, дискотекада ұсынуы мүмкін. Көбінесе жасөспірімдер есірткінің дәмін алғаш рет әуестіктен немесе достарының компаниясымен « тілектестікпен» татады.

Жасөспірімдерді есірткі қолдануға көптеген факторлар итермелеуі мүмкін:

Барлығы сияқты болуға ұмтылу;

Өз жағдайын немесе статусын өзгертуді қалауы;

Сенімділік сезіміне дем беру үшін;

Жай қызығушылық;

Әдетте, есірткіні саналы түрде қолданатын адамдар екі әсерді күтеді.

Біріншісі – босаңсу, күнделікті, кейде өте қиын проблемалардан немесе қайғылы оқиғалардан көңілі бөліну үшін.

Екіншісі – жаңа, белгісіз сезімдерді сезіну, қиялдауды, шығармашылық қаблеттерді ынталандыру.

Содықтан да нашақорлықтан жақсы қорғаныс «дәмін татудан» үрейлі, ақымақтықпен, қисынсыз, күлкілі, қыңырлықпен, үзілді – кесілді бас тарту.

Жасөспірімдердің осы жолға түсіп, тығырыққа тірелуінің себебі неде?

Қатыгез әлемде пана іздеген бала ақша табу мақсатында есірткі сатып күнелткендердің құрығына оп - оңай - ақ түседі. Бала іші - бауырына еніп, жылы сөйлейтін жылпостарға бауыр басып, дегеніне көне береді. Жеткіншектер үнемі әр нәрсеге, әркімге еліктегіш. Жұлдыздардың ішінен өзіне ұнағанын пір тұтады. Егер оның жұлдызы есірткінің дәмін тартып көргенін білсе, ол да қалыспауға тырысады. Еліктеудің де жөні бар, қазақ «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп бекер айтпаған. Өнеріне табынамын деп, өмірінен үлгі алудың қажеті жоқ. Өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген, үлгілі жанұяның мүшелері де есірткінің жетегінде кете барады. Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады. Нашақорлар бір мезеттік рахат үшін бүкіл өмірін сарп етуге дайын. Бір рет шегіп немесе иіскеп көрген адамның нашаны өз еркімен тастап кетуі мұң. Сондықтан осы бастан есірткіден бойымызды аулақ ұстайық!

Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның, отбасының иелері.

Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып адамгершілік қасиеттерді ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы болсын десек, ұлтымызды тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД , ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, бұл түнектен арылуының жолын ідзеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидалары:

- дұрыс тамақтану ;

- зиянды әрекеттерден аулақ болу;

- жеке бас тазалығын сақтау;

-денешынықтырумен айналысу;

- оң эмоциялардың көп болуы;

- қоршаған ортаның тазалығы ;

- күн тәртібін сақтау;

- үнемі қозғалыста болу ;

Зиянды әдеттер – бұл ішімдік ішу, темекі шегу, насыбай ату, нашақорлық.

Салауатты өмір салтын ұстануға бірден – бір кері әсер ететін факторлар:

- Ішімдік - «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз болып келеді. Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40 градусқа дейін жетеді. Ішімдік ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп соқтырады.

Жаман әдеттердің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның зардабы : бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300- ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге тиетін, өте қатерлі у бар.

Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық – бұл тажал адамның денсаулығына кері әсер тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12 пайызы өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып көрген.

«Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама». Нашақорлық - ғасырымыздың дерті. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс. Ғасыр дертімен күресу керек.

Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»!

«Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы» КМК

салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Д.Битанова