Өңеш және асқазан рагы туралы жалпы мағлұмат.

Өңеш және асқазан рагы — өте жиі кездесетін қауіпті ауру. Рак ауруы сау ұлпада өршімейтіндіктен, ол ағзада ұзаққа созылған, емделмеген әр түрлі ісіну, қабынулардың асқынып барып, ракқа айналуынан болады. Ойық жара немесе асқазанында қатерсіз ісігі болған адамдар сырқаты белгі берсе, бұл созылмалы сырқаттың қайталануы деп, дәрілерін іше бастайды, дәрігерге бармайды, мән бермей жүре береді. Бұл ауру жанды онша қинамайды — аздап қана ауырады. Екінші бір ауру адамның тамаққа тәбеті нашарлайды. Үшінші бір ауру адамның салмағы жеңілдеп, жүдейді. Әлсізденіп, жұмыс қабілеті төмендейді, тез шаршайды. Өңеш рагы кезінде ең басты белгі дисфагия, яғни, тамақ немесе судың жұтуын қиындауы.

 

Дұрыс диагноз қоюдың ең тиімді әдісі — Фиброгастроэзофагоскопия (ФГДС). ФГДС жасағанда ісіктің барын, формасын анықтау үшін арнайы құрылғымен тін алып (биопсия) микроскоппен тексеруге болады. Ең бастысы ФГДС арқылы ісікалды ауруларды анықтап, оларды алдын ала емдеуге мүмкіндік береді.

 

Өңеш пен асқазан рагын негізінен хирургиялық, сәулелі және химиялық дарі-дәрмек арқылы емдейді. Ерте сатыда анықталған рак радикалды, яғни бір жола емделеді.

 

Рак ауруының алдын алудың негізгі бір шарты — дұрыс тамақтану, тым ыстық не өте суық, ащы немесе тұзды тамақ ішпеу керек. Тамақтану режимін сақтаудың үлкен мәні бар. Тамақтың құнды және құрамы әр-алуан болуына мән беру керек. Құрамында өсімдік клетчаткасына бай (көкөністер) тағамдарды рационға жиі қосқан абзал. А, Е, С дәрумендері ағзада түзілетін асқазан тініне зиянды әр түрлі уытты заттардың (бос радикалдар) зардабынан қорғайды. Жақсы демалу, дене шынықтырумен айналысу адамның ауруға қарсы тұру күшін молайтып, жүйке жүйесін, зат алмасуын жақсартады.      
Ең маңызды шара — жылына бір рет тексеріліп тұрса, рак ауруының алғашқы нышанын тауып, емдеп жазуға болады.

 

Осы тарапта Ақтоғай ауданы орталық ауруханасында өңеш және асқазан рагын алдыналу мақсатында сринингті тексеру 2014 жылдан бастап енгізіліп белсенді түрде іске асып жатыр. Бұл мемлекеттік бағдарлама шарты бойына осы зерттеудің мақсатты тобына (целевая группа) 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы ер және әйел адамдар кіреді және ақысыз тексеріледі. Жергілікті ауруханада зеріттеуге жататын адамдар тізімі жыл басында жасалып, зеріттеуден 2-3 күн бұрын хаыққа хабарланады. Зеріттеуден 1 күн бұрын жеңіл тамақтануы сұралады және кешкі 8-ден кейін тамақтан бас тарту қажет (бұл шарт зерттеудің адам үшін жеңіл өтуі және зеріттеудің максималды айқын болуы үшин қажет). 

 

Ақтоғай ауданы орталық ауруханада эндоскопист дәрігері жоқтығы себебінен облыстық клиникалық орталықтарымен келісім шарт бойынша заманауи медициналық құрал (эндоскоп) және білікті маман ауданға шақырылады (2014жылы «Гиппократ», 2015жылы «Мерей» клиникаларынан маман шақырылды). 2015 жылдың он еқі ай қортындысы бойынша тек 73 пайыз адам  ғана тексерістен өтті (жоспарланғаны-546, зерттелгені-402).

 

Осы мәліметтерді қортындылай келе Ақтоғай ауданы халқына айтылатын ұйғарым:  Өңеш және асқазан рагінің өзіне тиесілі арнайы белгілері жоқ және осы дертті дұрыс анықтау тек ФГДС зерттеу арқылы ғана мүмкін болып табылады. Сол себепті мемлекеттік бағарлама бойынша тегін скринингті тексеріс енгізілген.

 

Уақытылы тексеріліп «тілсіз» науқастың алдын алып немесе ерте сатысында анықтап толығымен айығу,  не болмаса тексерістен бас тартып, дәрігердін ұсыныстарын орындамай өз денсаулығыңызға күрделі зиян (мүгедектік немесе өлім) келтіру  өз таңдауыңызда.

 

Дәрігер онколог  Багдат Манатович Нурмаганбетов