Туберкулезден  өзіңді  және  жақындарыңды  сақта!

Туберкулез   бұл  аурудан  сау  адамға  сөйлескенде,  жөтелгенде, түшкіргенде  берілетін жұқпалы ауру.  Туберкулез  қоздырғышы микробактериялар,  ауру  адамның қақырығы мен  сілекейінде  көп  мөлшерде  болады.
Туберкулез   белгілері: екі аптадан  астам  жөтелу, кеуде  тұсының  шаншуы, әлсіздік,  жүдеу,  дене  қызуының  жоғарылауы,  түнгі  тершеңдік.
Екі аптадан  астам  жөтелу  туберкулездің  белгісі  болып  табылады.

 

Осы белгілерді  есіңде  сақтаңыз! Емханада  тексеріліңіз!

Өзіңді  туберкулезден  қорға!  Салауатты  өмір  салтын  ұстан:

  • Тиімді тамақтан ет  және сүт   тағамдарын, балық, көкеністер  мен  жемістерді жеткілікті  пайдалан;
  • Дене шынықтыру   және  спортпен айналыс,  боз уақытыңды таза ауада  өткіз;
  • Күн  тәртібін сақта, демалу мен  ұйқыға  көңіл  бөл;
  • Залалды  әрекеттерден  темекіден, спирттік  ішімдіктерден  және есірткіден бас тарт;
  • Бөлменің  ауасын  жиі  тазартып  тұр;

Жеке  бас  және қоғамдық  гигиеналық  ережелерді  сақта (қолды жуу, ыдыстарды  арнайы  тазарту,  ерітінділерді  пайдаланып  жуу)

 

Естеңізде  сақтаңыздар!  Қоғамдық  жерлерде  қақырық  тастауға немесе  түкіруге болмайды!

Есіңізде  болсын! Өзіңнің  және жақындарыңның денсаулығына сенде жауаптысың!

Туберкулез кабинетінің мейірбикесі:   Байгаскина Құндыз.