Сібір жарасы – шөп қоректі жануарлар мен адамның аса қауіпті жұқпалы ауруы.

Қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы. Адамның жұқтыру көздері – үй жануарлары (мүйізді ірі қара мал, қой ешкі, шошқа). Жануарлар көбінесе ауру малдардың бұрынғы көмінділеріне жақын жерлерде жайылғанда жұқтырады, оларда қоздырғыштар спора түрінде белгісіз ұзақ уақыт сақталады.

Жұғу әсіресе шөп құрғақ және қатайған тұста кілегей қабықшалары жеңіл жарақаттап, споралар жануардың ағзасына енетін кезде, яғни жаз айларында болады. 
Адам ауру малды күткенде, терісін түсіргенде, етін бөлгенде, өлекселерін көмгенде, ауру зарарданған ет пен сүтті пайдаланғанда және тамшылы – ауа жолымен споралар жұқтырған жүнді, теріні, мехты өңдегенде жұқтыруы мүмкін.

 

АУРУДЫҢ   БЕЛГІЛЕРІ

  • Сібір жарасының терілік түрінде инфекция енген тұс қышитын болады, іріңді таңба пайда болып, ол көбіршіктене бастайды, 2-6 күннен кейін қара қабыршақпен көмкерілген жараға айналады. Жара төңірегінде ауырсынудың байқалмауы немесе төмендеуі тән болады. Дене қызып, бас ауырады, дене сырқырайды.
  • Өкпелік түрінде алғашқы белгілері тұмауға ұқсайды: дене қызады, қалтырайды, қақырық бөлінеді. 3-5 күннен кейін жедел өкпе жетіспеушілігі, токсикалық шок дамып, өлім-жітімге ұшыратады.
  • Ішектік түрінде іш қатты ауырады, құсады, қан аралас сұйық несеп бөлінеді.
  • Жалпы улану белгілері (дене қызуының 39-40 градусқа дейін көтерілуі), жалпы әлсіздену, қалжырау, бастың қатты ауыруы, бас айналу, жүректің жиі соғуы) бірінші тәуліктің соңына қарай немесе аурудың екінші күні пайда болады.

 

Сібір жарасының жасырын кезеңі                                                                 
 Бірнеше сағаттан 8 күнге дейін, көбінесе 2-3 күн.
Сібір жарасының алдын алу

  • Ауру малды күткенде жеке қорғаныс құралдарын қолдану (резеңке қолғап, плащ, противогаздар) керек.
  • Қызмет бабы бойынша сібір жарасын жұқтыру қатері бар адамдар профилактикалық егуден өтуі қажет.
  • Үй жануарларын сібір жарасына қарсы профилактикалық вакцинация өткізу керек.
  • Сібір жарасынан жануарлар өлген жағдайда олардың өлексесін жағып, қатал түрде бөлінген жерлерде көму керек.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! 
Өз денсаулығыңызды қамтамасыз ету үшін мал дәрігерлік құжаттары және сатуға тиісті рұқсаты жоқ мал етін жеке адамдардан сатып алмауларыңыз керек.
Ауруға күдік туғанда дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

 

«АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ» РММ